Велосипед спорты секцияларына жазылу жүріп жатыр!

08.10.2019

"Сарыарқа" Велотрегі велоспорт және беговел секцияларына жазылу жүріп жатқанын хабарлайды!

Бүгінде велоспорт қаламызда күннен-күнге белең алып келеді және аталған спорт секциясына кез келген азамат жазылып, велосипед тебудің қыр-сырын меңгеруге мүмкіндігі бар.

Жаттығу жұмыстарын кәсіби дайындықтан өткен, жоғары білікті нұсқаушылар жүргізеді.

Жаттығу ұзындығы 250 метр, ені 7 метр, еңкіш тұстары 12,5-42 градусқа тең тректе өткізіледі.

Жаттығулар бағасы:

Беговел тебуге үйрету 2 жастан бастап:

  • бір реттік жаттығу - 2000 тг;
  • топтық сабақ - 21 000 тг (аптасына 3 рет)

Велосипед тебуге үйрету 5-12 жас аралығында:

  • бір реттік жаттығу - 2000 тг;
  • топтық жаттығу - 21 600 (аптасыына 3 рет)

Велосипед тебуге үйрету 16 жастан бастап:

  • бір реттік жаттығу - 2000 тг;
  • топтық жаттығу - 22 000 тг (аптасына 3 рет)

Жазылу үшін келесі байланыс телефонына хабарласыңыз: +7 (7172) 707 152

Бөлісу: