Велошабандоздарымыз Германиядағы Әлем Кубогына қатысады

27.11.2018

2018 жылдың 28 қарашасы мен 3 желтоқсаны аралығында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының тәрбиеленушілері Германияның Берлин қаласында өтетін Әлем Кубогы жарысына қатысады.

Трек-спринт жарысында Андрей Чугай мен Максим Налетов ел намысын қорғайды. Байрақты бәсекеде спортшыларға бапкер В.С.Савицкий, механик В.Ф.Дмитриев қолдау көрсетпек. 

Велошабандоздарға алдағы жарыста сәттілік пен жеңіс, жемісті жетістік тілейміз. 

Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: