Қазақстандық велошабандоздар оңтүстік кореяда өткен ұлттар кубогінде жүлделі орындарға ие болды

04.09.2019

28 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында Ұлттар Кубогі кезеңдерінің бірі Tour de DMZ 2019 шосседегі көпкүндік веложарысы өтті.

Топтық жарыстың үшінші кезеңінде Сламжанов Өркен 3 орын алды, ал 4-кезеңде Жаппарұлы Бауыржан алтын жүлде иегері атанса, Достиев Илхан қола жүлдеге қол жеткізді.

5-кезең нәтижесі бойынша, Орталық спортшылары келесі нәтижелерді көрсетті: Сламжанов Өркен: 5 - орын, Третьяков Лев: 11- орын, Хатпин Нуржан: 28 - орын.

5 кезеңнің жалпы нәтижесі бойынша: Хатпин Нуржан: 17 - орын, Жаппарулы Бауыржан: 22 - орын,  Достиев Илхан: 24 - орын, Третьяков Лев: 34 - орын, Сламжанов Өркен: 58 - орын.

Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтаймыз!

Бөлісу: