Велошабандоздарымыз Азия чемпионатында үздік нәтиже көрсетті

14.01.2019

Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары Джакарта қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында тағы мәрте жеңіс тұғырына көтерілген болатын.

Атап айтсақ, жасөспірімдер арасындағы жекелей сында Кристина Титовская және ерлер арасындағы гитте Сергей Пономарев алтын медальды иеленді.

Өсім Ақпейіл жасөспірімдер арасындағы скретчтен қола медальға қол жеткізді. Жасөспірімдер арасындағы жекелей ізге түсу жарысында Сергей Кармажаков 1 орынды қанжығасына байлады.

Ал байрақты бәсекенің соңғы күні Даниил Пехотин жасөспірімдер арасындағы омниумнен мәре сызығын бірінші болып кесіп, алтын медальды еншіледі.

Жалпыкомандалық есеп бойынша 5 алтын, 4 күміс, 5 қола медальмен Қазақстан құрамасы 3 орынға тұрақтады. 1 орын аспан асты елінен келген қытайлық спортшыларға бұйырса, ал 2 орынды жапондық велошабандоздар місе тұтты.

Велошабандоздарды жемісті жетістіктерімен құттықтаймыз!


Велосипед спортынан ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: