ОРТАЛЫҚ ВЕЛОШАБАНДОЗДАРЫ ТАИЛАНДА ӨТІП ЖАТҚАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА 3-ОРЫН ИЕЛЕНДІ

03.02.2020

Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары Таиландта өтіп жатқан маунтинбайктан Азия чемпионатына қатысып жатыр.

Бірінші күннің нәтижесі бойынша, Турсынкали Дамир, Бикмаева Зарина, Мухамедьянов Темирлан, Адилов Шакир, Саркулова Алина эстафета сайысында үшінші орынға ие болды.

Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, алдағы сындарда сәттілік тілейміз!

Естеріңізге сала кетейік, маунтинбайктан Азия Чемпионаты 7 ақпанға дейін жалғасады.

Бөлісу: