Қазақстандық велошабандоздар әлем чемпионатында жеңісті нәтиже көрсетті

04.03.2020

Германияның астанасы Берлинде осы жылдың 26 ​​ақпанынан 1 наурызына дейін велотрек бойынша элиталық әлем чемпионаты өтті. Қазақстан құрамасын 8 велошабандоз ұсынды, олардың жартысы, яғни 3 спортшы, велоспорт бойынша олимпиадалық даярлау Орталығынан. Олар: Максим Налетов, Андрей Чугай және Сергей Пономарев.

Соңғы екі жыл ішінде Қазақстан ұлттық құраман күнтізбесі  2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия алуға бағытталған болатын. Қазақстандық спортшылар бірнеше әлем кубоктарындағы сәтті нәтижелерге қол жеткізді және Әлем кубогына қатысу үшін жеткілікті ұпай жинады. Ал Токиода болатын 2020 жылғы Олимпиадаға жолдама тиетін елдер тізімі  Әлем кубогының нәтижелері бойынша анықталады.

Алдын-ала есеп бойынша, Қазақстан үш квотаға ие бола алады деп күтілуде - омниумнан, жекелей спринттен және кейриннен, бұл көрсеткішке еліміздің велоспорт федерациясы Артем Захаровтың омнидегі (10-орын) және Сергей Пономаревтің кейриндегі (6-орын) сәттіліктері арқасында болады деген сенімде. Халықаралық велосипед одағының (UCI) қорытынды нәтижелері туралы ресми хабарлама осы жылдың 9 наурызында күтіледі.

Әлем чемпионатында Максим Налетов, Сергей Пономарев және Андрей Чугай командалық спринтте 13-орынға ие болды, Андрей Чугай гит бойынша 18-ші, Сергей Пономарев 22-ші, топтық есепте Роман Василенков 21-орын, Алишер Жумакан  скретчте 21-ші және жеке қудалау жарысында  17-ші, ал Рината Султанова  омниумда жалпы жіктеудің 20-шы қатарына еніп, скретчте 18-ші орында болды.

ҚВФ президенті Нұрлан Смағұлов Әлем чемпионаты кезінде UCI президенті Дэвид Лаппартиенмен кездесу өткізді, оның барысында велотрек пен BMX-да халықаралық веложарыстарды өткізу мәселелері талқыланды.


Пайдаланылған ақпарат www.cycling.kz ақпарат көзінен

Бөлісу: