Велошабандоздар Буэнос-Айресте жасөспірімдер Олимпиадасына қатыспақ

12.10.2018

6-қазан күні Аргентинада жасөспірімдердің Олимпиада ойындары басталған болатын. Буэнос-Айресте өтіп жатқан жарысқа Қазақстанның атынан 57 спортшы аттанып, олардың арасында 4 велошабандоз бар. Велоспорттан еліміздің намысын  Глеб Брусенский, Евгений Федоров, Марина Курносова және Светлана Пащенколар қорғайды.

Қазақстандық шабандоздар тас жолдағы велоспорт пен маунтинбайктен тұратын аралас жарысқа қатысады. Олар үшін жарыс бағдарламасы 13 қазан күні жұптық-командалық сынмен басталады. 14 қазан күні жас спортшылар топтық жарыста бақ сынайды. Ал 15-16 қазан күндері маунтинбайктен, 17-қазан критериум жарысы өтеді.

«Жарыс жолын біз әлі көрген жоқпыз, - деп атап өтті жасөспірімдер құрамасының жаттықтырушысы  Вадим Горбачевский. – Жолды жарыс алдында ғана көреміз. Жалпы тас жол бұл жақта жазық әрі қиын емес, тау жоқ. Біздің спортшыларымызға осындай аймақ ыңғайлы. Жарысқа 17 мемлекеттен, әр екі адамнан қатысады. Бұл 200 шабандоз қатысатын Әлем чемпионаты емес. Осы Ойындарда біздің шамамен 40-қа жуық қарсыластарымыз бар.

Барлық командалардың құрамында бір байкер және бір тас жолдағы велоспорт шабандозы бар. Ал бізде екеуі де тас жолдағы велоспорт шабандоздары. Бірақ, жалпы биылғы жылы байкке де қатыстық. Испанияда да, Ресейде де байкке, сол себепті біз оған да  дайынбыз. Біз жақсы құрал-саймандармен қамтамасыз етілгенбіз. Велесебедтер де сатып алынды. Жалпы алғанда команда дайын. Қазір соңғы  қысқа, жылдамдыққа арналған, белсенді және дене қыздыру жаттығулары да өтіп жатыр»

Ескере кететін жәйт, жастар Олимпиадасында велоспорттан аралас жарысқа бір жинақ медаль қарастырылған. Ол бес жарыс күнінің қорытындысы бойынша командалар арасында ойнатылатын болады. Осылайша жасөспірімдер мен жасөспірім қыздар командалары ел қоржынына екі медаль алып келуіне мүмкіндіктері бар.

«Қазір біз Олимпиада қалашығында жаттығу жасап жатырмыз, -дейді жасөпірім қыздар құрамасының жаттықтырушысы Валентина Брусенская. Жағдайлары жаман емес. Марина Курносова мен Светлана Пащенконың спорттық баптары өте жақсы. Команда қажетті заттардың барлығымен жабдықталған. Ал біздің мақсатымыз медаль үшін лайықты бақ сынау»

Жасөспірімдер Олимпиадасы Буэнос-Айресте 6-18 қазан аралығында өтеді. Жарысқа Әлемнің 206 мемлекетінен 18 жасқа дейінгі 3900-ден астам шабандоз қатысады.

Дереккөз: http://cycling.kz/kz/chetyre-kazahstanskih-velosipedista-vystupyat-na-yunosheskoj-olimpiade-v-buenos-ajrese/

Бөлісу: