«Сарыарқа» велотрегі Триатлон тобына қабылдау басталғанын хабарлайды (Ironman)

31.05.2019

Барлық спорт әуесқойлары мен ниетті тұлғалар үшін «Сарыарқа» велотрегі Триатлон (Ironman) тобына қабылдау басталғанын жариялайды. Сабақтар таңертеңге уақытты «Сарыарқа» фитнес-орталығындағы бассейнде өтетін болады. 6 жолдық бассейннің өлшемі ұзындығы 25 м және ені 17 м. Фитнес-орталық аумағында кәсіби жабдықталған 3 жаттығу залы және 3 сауна түрі бар.

Триатлон мультиспорттық сайыс болып табылады, ол қатысушылардың үш кезеңнен үздіксіз өтуін қарастырады: жүзу, велосайыс және жүгіру, олардың әрқайсысы спорттық дербес циклді түрінде болады.

Өз мүмкіндігіңді жіберіп алма! Орындар саны шектеулі. 

Сабақ кестесін және бағасын келесі номер арқылы білуге болады: 8 705 15 15 525 Ержан


Бөлісу: