«Сарыарқа» велотрегі Спорт күніне орай жаңа мини-футбол алаңдарын ашты

16.08.2014

2014 жылғы 16 тамызда «Сарыарқа» Республикалық велотрегі Мини-футбол алаңдарының ресми ашылуын өткізді. Іс-шара бағдарламасында ресми Ашылу, БАҚ және спорт ұйымдары қызметкерлері арасында турнир өткізу.

Ашылу салтанатын өткізу құқығы ҚР Спорт және дене шынықтыру жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары Құранбек Сарсен Абайұлына және «Сарыарқа» Республикалық велотрегі директоры Мұқашев Бауыржан Өмірсерікұлына берілді.

 Турнирге «Қазспорт» ТА, «Қазақстан» ТА, Штаттық Ұлттық Командалар, Қ.Мұңайтпасов мектеп-интернатының дирекциялары қатысты. «Сарыарқа» велотрегі кубогын Қ.Мұңайтпасов мектеп-интернатының командасы алды.  Турнир қатысушылары велотрек әкімшілігінен жеңіл сыйлықтар алды.

Мұндай турнирді өткізу әлеуметтік қорғалмаған халық топтары, өсіп келе жатқан ұрпақ және Астана қ. жалпы халқы үшін акциялар шеңберіндегі бірінші және соңғы іс-шара емес. Велотрек әкімшілігі ай сайынғы промо-іс-шаралар шеңберінде тұрақты негізде Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдары, БАҚ қызметкерлері арасында турнирлер өткізу жоспарлануда.

Сондай-ақ «Сарыарқа» велотрегі оқушылар, студенттер және балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін мини футбол алаңдарында ақысыз тегін ойындар күндерін өткізуді жоспарлауда.

 «Сарыарқа» Республикалық велотрегі баспасөз қызметі

Бөлісу: