Винченцо Нибали жас велошабандоздармен өз жетістіктерінің құпиясымен бөлісті

22.08.2014

Бүгін, 2014 ж. 22 тамызда Астана қ. «Proteam Astana» жұлдыздарының ерекше «шығармашылық кеші» өтті. Винченцо НИБАЛИ, Микеле СКАРПОНЕ, Александр ВИНОКУРОВ  Астана қ. №6  мамандандырылған спорт мектебінің оқушыларымен кездесті. Мастер-класты балалар мен жастар спортын қолдау корпоративтік бағдарламасы шеңберінде «Raimbek»  компаниясы ұйымдастырды.

Спортшы-балалардың атақты велошабандоздармен бейресми кездесуін «Raimbek» компаниясы екінші жыл қатарынан ұйымдастыруда. Бірінші вело мастер-класс Алматыда маусымда өтті. Онда  Алматының және Талғардың балалар мен жастар спорт мектептерінің, Винокуров атындағы Алматы велоклубының жүзден астам жас велошабандоздары өздерінің «Proteam Astana» кәсіби әріптестерімен қатар Медеуде мәремен 10 километрлік тау бағдарын жүріп өтті.

Астаналық кездесу форматы – «шығармашылық кеш» еркін қарым-қатынасты білдіреді. Спортшылар балалардың сұрақтарына жауап беріп, өз әсерлерімен, спорттағы табыстың рецептерімен бөлісті. Импровизацияланған «баспасөз-конференциясы» аяқталғаннан кейін велошабандоздар балалармен бірлескен фотосессия өткізді. 

Бөлісу: