«Сарыарқа» фитнес орталығының келушілерінің назарына!

23.11.2020

Құрметті «Сарыарқа» фитнес орталығының келушілері, Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылдың 20 қарашасындағы №ПГСВ-248 «Нұр-Сұлтан қаласындағы каратиндік шектеу іс-шаралары туралы» қаулысына сәйкес, 24 қарашадан бастап бассейндерге қарасты сауналар жұмысын тоқтадады.

Жұмыс уақытына байланысты келесі өзгерістер енгізілді: 1 желтоқсаннан бастап «Сарыарқа» фитнес орталығы бұрынғы режим бойынша, таңғы сағат 7.00 мен кешкі 23.00-ге дейін жұмыс істейді. (дүйсенбі-тазалық күні).

Сондай-ақ, бассейндегі сорғыларды жөндеу жұмыстары әлі де жалғасып жатқанын хабарлаймыз. Жақын күндері барлық ақаулар қайта қалпына келтіріледі. Біздің әлеуметтік желілер мен ресми сайтымыздағы жаңалықтарды қадағалап отыруларыңызды сұраймыз.

Бөлісу: