«Voice of Astana»

29.05.2018

Астананың 20-жылдығын тойлау аясында,  15-16 маусым күндері  «Сарыарқа» велотрегінде эстрадалық әндердің «Voice of Astana». халықаралық фестивалі өтеді. ҚР спорт және мәдениет Министирлігі Фестивальдың ұйымдастырушысы болып табылады.

Фестиваль мақсаты- жас әншілердің шығармашылық потенциалын ашу және тәуелсіз Қазақстанның бренді атанған  Астананы  әлемдік  музыкалық қоғамының назарына аударту.

«Voice of Astana» фестивалі  өзіне бірнеше іс-шараларды қамтиды: «Voice of Astana» эстрадалық орындаушыларының  халықаралық байқауы,  Батырхан Шукеновты еске алу концерті және Байғали Серкебаевтың шығармашылық кеші.

Халықаралық байқауда Қазақстаннан, таяу және қиыр шығыстан  18 бен 35 жас аралығындағы эстрадалық әншілер мен шығармашылық топтар қатысады. Бірінші кезеңде байқауға қатысушылар қазақстандық  немесе шетелдік авторлардың Астана туралы әнін шырқайды.  Екінші кезеңде олар өз репертуарларындағы әнді орындауға мүмкіндік алады.

Батырхан Шукеновты еске алу концертінде  ресей эстрадасының жұлдыздары : Валерий Меладзе, Леонид Агутин, Владимир Пресняков, Алексей Чумаков, Юлианна Караулова  қатысады,сондай-ақ  Роза Рымбаева, Карина Абдуллина, Айқын, Жұбаныш Жексенұлы, Дильназ Ахмадиева, Али Оқапов, Динара Сұлтан, Марсель, Динайя, Лидо, The Jigits. Vox Acapella сынды қазақстан эстрадасының жұлдыздары ат салысады.

Байғали Серкебаевтың шығармашылық кешінде ресей және қазақстан эстрадасының жұлдыздары:  Валерий Меладзе, Леонид Агутин, Владимир Пресняков, Алексей Чумаков, Юлианна Караулова, Александр Шоуа,  Jah Khalib, группа «A-Studio», «The Jigits», Динайа и Марсель өз  өнерлерін  көрсетеді.

Фестиваль хэдлайнері ретінде америкалық поп-әнші  Anastacia өнер көрсетеді.

Билеттерді мына сайттан сатып алуға болады: https://zakazbiletov.kz 

Бөлісу: