Дәстүрлерді жаңғыртамыз!

27.09.2017

Астана – 23 қыркүйек сағат 11.00-де «Сарыарқа» велотрегінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі қызметкерлері арасында асық атудан турнир өткізілді. Шараны ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, ҚР асық ату федерациясы. Жарысқа министрліктің 10 командасы қатысты. Спорт жəне дене шынықтыру істері комитеті жарысқа екі команда қосты. Бірінші орынды Спорт жəне дене шынықтыру істері комитеті-2 командасы алса, 2 орынды да ҚР Мəдениет жəне спорт вице-министрі Сəкен Мұсайбеков бастаған команда ұтып алды. Жүлделі үшінші орынды Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс комитеті иеленді. Спорттық шара салауатты өмір салтын, ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жеңімпаз бен жүлдегер командалар бағалы сыйлықтар және дипломдармен марапатталды.

Бөлісу: