Олимпиадалық резерв колледжінің түлектеріне сертификаттар табыстау

15.06.2018

2018 жылғы 14 маусым «Сарыарқа» республикалық велотрегінің мәжіліс залында Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиадалық резерв мектеп-интернат-колледжінің 11-сынып түлектеріне салтанатты түрде сертификаттар табыс етілді.

Мектеп бітіру – барша жастар үшін өмірдегі ең қызықты сәттердің бірі. Артыңызда алаңсыз балалық шақ, шулы өзгерістер, үйренбеген сабақтар. Ересектік басталады. Сертификаттарды салтанатты түрде табыстау – өмір бойы есте қалатын ерекше мереке.

Барлық түлектерді аттестат алуларымен құттықтаймыз! Мектеп қабырғасында алған білімдеріңізді арттырып, ұлан-байтақ еліміздің атын шығарып, игілігіне абыроймен пайдаланасыздар деген сенімдеміз!!!

Велоспорт орталығының баспасөз қызметі!

Бөлісу: