Кәсіпқойлар арасындағы бокс бойынша әлем чемпиондары Рой Джонспен және Олег Маскаевпен кездесу

18.12.2014

2014ж. 16 желтоқсанда «Сарыарқа» велотрегінде Рой Джонспен және Олег Маскаевпен баспасөз конференциясы өтті.

Рой Джонс кіші — американдық кәсіпқой-боксёр 1988 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері. Жартылай ауыр салмақтық дәрежедегі абсолюттік әлем чемпионы. Орташа (IBF нұсқасы, 1993—1994), екінші орташа (IBF нұсқасы, 1994—1996), жартылай ауыр (WBC нұсқасы, 1997, 1997—2002 және 2003—2004; WBA нұсқасы, 1998—2002; IBF нұсқасы, 1999—2002), бірінші ауыр (WBU нұсқасы, 2013—н.в.) және ауыр (WBA нұсқасы, 2003) салмақтық дәрежелердегі әлем чемпионаты. Бокс жайлы жазатын американдық бірлестік 90-жылдары Джонсонды «Онжылдық боксері» деп атады. «Ринг» журналының нұсқасы бойынша 1996, 1999 және 2003 жылдары салмақтық дәрежеге қарамастан үздік боксерлар рейтингін басқарды.

Орташа салмақта әлем чемпионы атанған, сонан соң екінші орташа, жартылай ауыр және ауыр салмақта атаққа ие болған бокс тарихындағы бірінші боксер.

Бокстан басқа Рой Джонс өзінің музыкалық және актерлік мансабымен белгілі. 2001 жылы ол рэп стилінде бірінші альбомын жазды, 2003 жылы «Матрица: Перезагрузка» фильміне капитан Баллард рөлінде  түсті.   Сондай-ақ Рой Джонс «Универсальный солдат 4» фильміне түсті, ол  2012 жылы экранға шықты.

Олег Александрович Маскаев 1969 жылы 2 наурызда туылған, Жамбыл, Қазақ ССР — ауыр салмақтық дәрежеде шығатын кәсіпқой-боксёр. Ауыр салмақтық дәрежедегі (WBC нұсқасы, 2006—2008) әлем чемпионы.

Бөлісу: