«SOS Астана Балалар Үйінің» тәрбиеленушілерімен кездесу

03.04.2017

Велосипед спортынан Қазақстан құрамасы «SOS Астана Балалар Үйінің » тәрбиеленушілерімен тректе кездесті. Кездесу «Сарыарқа» Республикалық велотрегінде болды. Іс-шараның барысында балалар еліміздегі жалғыз жабық велотректің көз тартарлық орындарын қызығушылықпен аралап қарады. Олардың кейбіреулері қалалық іс-шаралар кезінде бұл жерде бірнеше рет болған. Осы мәрте оларға велотректі ішінен көруге мүмкіндік туды. Сонан соң балалар құраманың бапкерлерімен - Владимир Бушанскимен және ЭрвеДагорнемен, және де әрине AstanaTrackTeam жарысушыларының өздерімен- Артем Захаровпен, Никита Панасенкомен, Роберт Гайнеевпен, Султанмурат Миралиевпен, Роман Василенковпен, Сергей Шатовкинмен, Асылжан Тұрармен, Алишер Жұмаханмен және Никита Клевановпен танысты. Спортшылар велосипед спортының егжей-тегжейі туралы айтып, тректе айдауды көрсетіп, жеке және кәсіби сұрақтарға жауап берді. Балалар құрама жарысушыларының кәсіпқой байктарында жүріп көру мүмкіндігіне ерекше қуанышты болды. Кездесу туралы естелікке балалар үйінің тәрбиеленушілеріне велосипедтер және спорттық рюкзактары сыйға тартылды. Балалар өз тарапынан шараны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын айтып және алдағы Гонконгтағы әлем чемпионатында спортшыларға сәттілік тіледі.

kcf.kz


Бөлісу: