Журналистердің Серік Сапиевпен кездесуі

27.06.2019

Журналистика күні қарсаңында Серік Жұманғалиұлы Сапиев «Сарыарқа» велотрегінде телеарналар мен БАҚ журналистерімен кездесті және оларды алдағы мереке - БАҚ қызметкерлерінің күнімен құттықтады.

Кездесудің бірінші бөлімі бейресми жағдайда өтті - таңғы ас кезінде әңгімелесу форматы, содан кейін салтанатты бөлім өтті, онда журналистер еліміздің спорттық іс-шараларына белсене қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Бұл мерекелік іс-шарада «Хабар» телеарнасының журналистері, Хабар 24, ҚазСпорт, Қазақ телевизиясы, Bnews, Вести, Kazinform ақпараттық порталдары және «Егемен Қазақстан» газеті және т.б. атап өтілді.

Сәпиев Серік Жұманғалиұлы - қазақстандық әуесқой боксшысы, 2005 және 2007 жж. Әлем чемпионы, 2012 жылы Олимпиада чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері және ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері. Қазіргі уақытта ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы.

Велоспорт ОДО баспасөз қызметі

Бөлісу: