ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы «Астананың» екінші жеңісі

05.11.2019

"Астана" Президенттік баскетбол клубы петерборлық "Зенитке" қарсы ВТБ Бірыңғай лигасы аясындағы өз алаңындағы ойында, шешуші сәтте, 109:108 есебімен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, 9 қараша күні астаналық баскетболшылар өз алаңында беларустық "Цмоки-Минск" баскетбол клубын қабылдайды. Матч "Сарыарқа" велотрегінде, астана уақытымен сағат 15:00-де басталады. Матчқа билеттер Ticketon.kz сайтында сатылымға шықты.

Дереккөзі: www.pbcastana.kz

Бөлісу: