Біздің спортшылардың велоспорттан Азия Чемпионатындағы жоғарғы нәтижелері

14.02.2018

Мьянманың астанасы  Нейпьидода ақпан айының 13 күні тас жол велосипед спортынан Азия Чемпионаты аяқталды. Осы чемпионатта  Олипиадалық даярлау орталығының спортсмендері  биік жетістіктерге ие болды.

17 жастағы Даниил   Пронский  континентальдық велошабандоздар  арасында ең жоғары көрсеткішпен жеңіске жетіп, Азия Чемпионы атағын алды.  Жеке қудалау жарысында біздің алтын медаль иегері  қашықтығы 22.7.км   бар жоғы 29 м. 21 сек. өтіп шықты. Даниилдың бапкері Сладков Е.А.

Қазақстан құрама командасына тағы бір алтын медалін 17 жастағы Марина Курносова әкелді, ол 11 км. қашықтықты үздік көрсеткішпен, яғги 15 м. 42 сек., бітірді. Ал Азия Чемпионатының 3-ші күні Марина тағы да жеңіске жетіп, қола медаліне ие болды, оның бапкері  Брусенская Б.А.   

Азия Чемпионатына қатысқан және үлкен жетістіктерге ие болған спорсмендерімізді шын жүректен құтықтап,  алда да үлкен табыстарға жете берулеріне тілектеспіз!

Баспасөз қызметі
Олимпиадаға даярлау 
орталығының велоспорт үшін

Бөлісу: