«Ақтөбенің алтын медалінен Лондонның алтын медаліне дейін» көрмесі

13.05.2014

2014 жылдың 14 мамырында «Сарыарқа» республикалық велотрегінде «Ақтөбе алтын медалінен Лондонның алтын медаліне дейін» көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме қазақстандық велоспорттың 100 жылдығына және алдағы велоспорттан Азия чемпионатына арналған.

Қазақстан велоспорт федерациясы мен Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі бекіткен Қазақстан велоспортының 100 жылдығын мерекелеуге арналған 2014 жылы іс-шараларды өткізу туралы ережеге сәйкес «Сарыарқа» республикалық велотрегінің әкімшілігі. Қазақстан велоспорт федерациясының көмегімен Қазақстан велоспорты экспонаттарының көрме тұсаукесерін өткізуді жоспарлап отыр.

Көрме бағдарламасына мыналар кіреді:

  • 1914 жылдың 6 шілдесінен бүгінгі күнге дейінгі қазақстандық велоспорттың дамуы мен қалыптасуын көрсететін «Ақтөбенің алтын медалінен Лондонның алтын медаліне дейін» атты көрменің тұсаукесері.
  • Сертификаттарды, кубоктарды, тарихи мазмұны бар мәтіндерді ұсыну.
  • Қазақстан велоспортының 100 жылдығын мерекелеу аясындағы іс-шараларды қалыптастыру, дамыту және жүзеге асыру мәселелерін талқылау бойынша баспасөз мәслихатын өткізу; велоспорттан алдағы Азия чемпионатының мәселелерін талқылау.
  • Іс-шараға қатысушылардың шай үстінде әңгімесі.
Баспасөз конференциясына қатысушылар:
  • ҚАНАГАТОВ Е.Б. – Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары
  • ӘЙТЕКЕНОВ Қ.М. – Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті
  • АНТЫШЕВ А.Л. - Велоспорт федерациясының техникалық директоры
  • КУЗНЕЦОВА В.- велоспорт ардагері
  • Штыхлин В.Н. - КСРО ҚазССР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы
  • ПОРТНЯГИН Ю.Ф. – халықаралық төреші
Өткізілетін орны мен уақыты: 2014 жылдың 14 мамыры, сағат 15.00.

РГКП «Сарыарқа» республикалық велотрегi; «Сарыарқа» велотрегінің оңтүстік кіреберіс залы. (Қаладан 2-ші келу)

Байланыстағы тұлғалар: Ноғаева Жанара, Елубаева Динара.
Тел.: +7(7172) 70-71-91, 70-71-46, +7 701 922 91-97, +7 775 826 76-79.

Бөлісу: