Орталықтың жас таеквондошылары спорт шеберіне үміткер атанды

16.10.2020

Орталығымыздағы таеквондо секциясының тәрбиеленушілері «Спорт шеберіне үміткер» атағын иеленді. Аталған куәлік республика деңгейіндегі бірқатар турнирлердің чемпиондары мен жүлдегерлеріне табысталды:

1.     Курман Батыр - «Райымбек Батыр» республикалық турнирінің күміс жүлдегері (Алматы қаласы);

2. Жанбиров Омар - «Райымбек Батыр» республикалық турнирінің жеңімпазы (Алматы қаласы);

3. Рахимжанов Алихан – спорт мектептері мен интернаттар арасында, ОДО, олимпиада резервін дайындайтын мамандандырылған спорт мектептерінің ҚР бойынша Чемпионы (Атырау қаласы);

4. Мукушкин Алибек – ҚР Корей елшісінің Кубогі» республикалық турнирінің қола жүлдегері (Нұр-Сұлтан қаласы);

5. Тю Мария - «Champion» республикалық турнирінің қола жүлдегері (Алматы қаласы).

Жас спортшыларымызды мадақтау рәсіміне велосипед спортынан ОДО директоры Бекболат Құстүтінұлы және операциялық бақылау қызметінің басшысы Нұрлан Идрисович қатысты.

Біздің кішкентай жеңімпаздарымызды осы жетістіктерімен құттықтай отырып, спорт саласында әлі де талай биіктерді бағындыруды, жаңа жеңістеге жетулерін тілейміз! Енді «Спорт шебері» атағына ие болыңыздар!

Бөлісу: