Түркістан облысындағы оқу-жаттығу жиындары аяқталды

02.12.2020

5-30 қараша аралығында велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары Түркістан облысына қарасты Біркөлік ауылында оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Жиынның өткізілу реті мен қорытынды жаттығулардың нәтижелері туралы маунтинбайктан аға жаттықтырушы Артем Головащенко айтып берді:

«Біркөлік ауылы – таулы өңір велосипедшілерін даярлау үшін өте қолайлы жер, өйткені мұнда орташа таулы аумақ пен өңірдің таза ауасы ғана емес, тау велосипедімен жаттығуға болатын көптеген жолдар мен жолайрықтар бар. Жаттығу жиындары жылдың ең қолайлы маусымында жүргізілді, өткені осы аралық күш жаттығуларын жүргізуге, физикалық даму жаттығуларын жасап, жалпы физикалық дайындықты нықтау үшін ыңғайлы кезең болды.

Жиын басында өңірде ауа - райы жақсы болды (+15-20 градус), бірақ кейін айтарлықтай нашарлай бастады - қар жауып, қатты екпінді жел болды. Сондықтан жаттығу жоспарына аздаған өзгерістер енгізіп, тауға шығып, жаяу жүруге тура келді. Ауа-райы жақсарған кезде спортшылар велосипед жаттығуларын жалғастырды. Барлық қорытынды жаттығулар басқа бөлім спортшыларымен бірлесіп өткізілді. Жаттығу жұмыстарын жүргізіп, өмір сүру үшін жақсы жағдай жасалған. Біркөлік ауылы теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқанын да атап өткім келеді. Барлық велошабандоздар оқу-жаттығу жиынын жоспар бойынша орындап шықты".

Айта кетейік, жасөспірімдер, юниорлар және юниор қыздарға арналған алғашқы бақылау жаттығуларының бағдарламасы келесі жаттығу комплекстерін қамтыды - тауға 7 км. жүгіріп шығу, көлденең жолаққа тартылу, орнынан ұзындыққа секіру, 50 м жеделдету, 30 секундта әр аяққа «пистолет» жаттығуын жасау. Бақылау жаттығуларының нәтижелері бойынша Р. Соловей жеңімпаз атанды, екінші орынды В. Башлыков, ал үшінші орынды И. Житниковский алды.

Маунтинбайк бойынша финалдық қорытынды стартқа 43 спортшы қатысты. Қыздар арасында 1-орын Б. Батырбековаға, 2-орын М. Журтыбаеваға, 3-орын В. Казаковаға бұйырды. Жасөсіпірімдер арасында жалпы есепте жеңімпаз В. Башлыков атанса, И. Еркасым екінші орынға, В. Климеров үшінші орынға жайғасты. Юниорлар арасында А. Ремхе жеңімпаз болып,  2-орынды Р. Алиев алды, ал 3-орын Р. Семенюкке тиесілі болды.

БАҚЫЛАУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ: ЖАСӨСПІРІМ ҰЛДАР

ҚОРЫТЫНДЫ ЖАТТЫҒУЛАР: ЮНИОР ҚЫЗДАР

ҚОРЫТЫНДЫ ЖАТТЫҒУЛАР: ЮНИОРЛАР

Бөлісу: