«Астана» — 2016/ 2017 маусымының— баскетболдан Қазақстан чемпионы

23.04.2017

Екі күн «Сарыарқа» республикалық велотрегінде еліміздің ең үздік клубы атағына матчтар өтті. 

Сөзсіз жеңісті және баскетболдан Қазақстан чемпионы атағын астаналық «Астана» баскетбол клубы жеңіп алды. Ақырғы жекпе-жекте «Атырау барыстары» командасына қарсы астаналық гулливерлер 94:78 есебімен алға шықты.

25 ұпай жинаған Роберт Лаури матчтың ең үздік ойыншысы болып танылды. Дмитрий Гаврилов- 18 ұпай, Йан Миллер-17 ұпай және Максим Марчук- 13 ұпай.

 Екінші орын «Атырау барыстарынікі», қола медальдары Ақтау қаласынан «Каспий» командасына тиді. 

 Сонымен қатар, дәстүр бойынша Қазақстан чемпионатының ең үздік бес ойыншысы анықталды: 

Ең үздік қорғаушы - Парк Тревин (Атырау барыстары)

Ең үздік шабуылдайтын қорғаушы — Азим Ягодник (Каспий, Ақтау)

Ең үздік жеңіл форвард — Рустам Ергали (Астана)

Ең үздік ауыр форвард — Антон Пономарев (Астана)

Ең үздік орталық шептегі ойыншы — Михаил Евстигнеев ( Атырау барыстары)

Нақты чемпионат «Қазақстандағы баскетболдың 90-жылдығы» эгидасымен өткізіліп жатқадығын айта кетейік. Осыған байланысты Баскетбол ұлттық федерациясы президентінің бұйрығымен мерейтойлық медалі жарыққа шығарылды, онымен елімізде баскетболдың дамуына үлкен үлес қосқан адамдар марапатталады.

Бірінші медальді еңбегіне лайықты «Астана» ПБК бас менеджері, олимпиадалық чемпион Тихоненко Валерий Алексеевич алды. Оны шын жүректен құттықтаймыз! 

Осы маусымды қорытындылай келе, «Астана» үшін жаман болмағанын айта аламыз. Бапкерлер штабының және команда алдына қойылған мақсаттар жүзеге асырылды. Команда Қазақстан- 2017 кубогының иегері болып,ҚР чемпионатының алтын медальдарын жеңіп, сондай-ақ ВТБ Бірыңғай Лига чемпионатының плей-офф ойындарына шықты.

«Астананың» бас бапкері Илиас Папатеодору чемпионатты қортындылап: 

-Бұл қиын ойын болды, менің ойымша, чемпионаттағы жеңіске біз лайықтымыз, чемпионат бойы біз басқыншылықты және басым болып ойнадық. Ең бірінші кезекте мен өз ойыншыларымды құттықтаймын, олар жұмысын өте жақсы орындады. Біздер үшін бұл маусым тамаша аяқталды, алдымызға қойған барлық мақсаттарды орындадық. Біз бірнеше күн демалып, тойлап, содан соң ЦСКА-ға қарсы плей-оффқа дайындаламыз.

Біздің жігіттерге сәттілік тілеп және де тағы бір мәрте ҚР Ұлттық лигасындағы чемпиондығымен құттықтаймыз.

www.pbcastana.kz

Бөлісу: