Астанада заманауи бессайыс бойынша әлем кубогының финалы өтуде

22.06.2018

Астанада заманауи бессайыс бойынша әлем кубогының финалы басталды. Жарыстың финалдық кезеңіне ерлер мен әйелдер арасындағы халықаралық ТОП-36 рейтингіне енген әлемнің 25 елінен ең мықты спортшылар іріктелді.

Ашылу салтанатында UIPM Халықаралық заманауи бессайыс одағының президенті Клаус Шорманн біздің еліміздің «UIPM мен Азиядағы Олимпиада қозғалысына қолдау көрсету» ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

«Астана – бессайыс бойынша әлем чемпионаты үшін жаңа орын және осы ерекше оқиғаға лайықты орын. Мұнда көптеген маңызды спорттық іс-шаралар өткізілді және біз осы тамаша қалада жаһандық қауымдастықты біріктіргенімізді мақтан тұтамыз», - дейді Шорман мырза.

Қазіргі бессайыс бойынша әлем кубогының финалы маусымның 21-і мен 24-і аралығында «Сарыарқа» велотрегінде, «Барыс Арена» спорт кешенінде және «Қазанат» ипподромында өтеді.

Маңызды халықаралық стартқа Қазақстан атынан Павел Ильяшенко, Владислав Сухарев және Ардақ Ахидуллаева қатысуда.

Алғашқы старт күні халықаралық турнирге қатысушылар семсерлесуден сынға түсті. Бірінші күннің қорытындысы бойынша П.Ильяшенко 214 ұпаймен 18-ші орында, В.Сухарев 148 ұпаймен 34-ші орында. Бастапқы күннің қорытындысы бойынша көшбасшы кореялық Джионг Цзин Хва болды - 256 ұпай.

Бастапқы күннен кейін Ардақ Ахидуллаева 154 ұпаймен 33-ші орында. Қыздар арасында ресейлік Екатерина Хураскина бұрынғысынша көш бастап тұр – 268 ұпай. Астанада өтетін әлем чемпионатының финалын әлемнің 21 халықаралық телерадиокомпаниясы көрсетеді.

Ертең әйелдер арасындағы финалдық кездесу өтеді. Сағат 13.30-дан бастап «Барыс Аренада» жүзуден жарыстар, «Қазанат» ипподромында семсерлесу, атқа міну, лазерлік жүгіру (жүгіру және ату) бойынша бонустық раунд, сондай-ақ Әлем кубогы финалының алғашқы жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтеді. сонда өткізіледі.

Дереккөз: Nur.kz


Бөлісу: