Азия чемпионаты «Астана» ОДО жеңіл атлеттерінің жеңісімен аяқталды

29.04.2024

Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі қаласы Дубайда өткен жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының (ОДО) спортшылары Қазақстанның қоржынын тағы үш чемпионат медалімен толықтырды.

Көпсайыс жарысында Алина Чистякова 1 орынды, Ирина Конищева 2 орынды жеңіп алды.

Сонымен қатар 4*400 м. эстафетада Мария Шувалова, София Киденко, Екатерина Колода және Милана Зубарева Азия чемпионатының күміс жүлдегерлері атанды.

Спортшыларымызды және жаттықтырушылар құрамын лайықты жеңістерімен құттықтаймыз!

Бөлісу: