Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін экскурсия

21.07.2014

21 шілдеде «Сарыарқа» Велотрегінде және «Астана-Арена» СК-да Астана қ. Есіл ауданы әкімдігінің және «Сарыарқа» Республикалық велотрегі» РМҚК  ұйымдастыруымен мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін экскурсия өтті.

Ұйымдастыру мақсаты мүмкіндіктері шектеулі балаларға жазғы кезеңде әр түрлі бос уақыт болып табылады.

Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімдігі аппараты жанында мүгедектерге, қарияларға және мүгедек-балаларға үйден арнайы әлеуметтік көмек көрсету бойынша бөлімше қызмет етеді.  Бір жыл ішінде қызмет алушылар үшін  үйден және үйден тыс оңалту-әлеуметтендіруші іс-шаралар өткізіледі.

 «Сарыарқа» велотрегінің баспасөз қызметі

Бөлісу: