Қазақстан Пекинде өткен велоспорттан халықаралық сайыста екі жүлдеге ие болды

02.09.2019

Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау Орталығының спортшылары 30-31 тамыз күндері Қытайда өткен тректегі велоспорттан CL1 класы бойынша халықаралық сайысқа қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша, спортшымыз Андрей Чугай Қазақстан қоржынына күміс жүлде салды.  Ал сайыстың келесі күні, пьедесталдың бірінші сатысынан спортшымыз Сергей Пономарев көрінді. Ол кейрин бәсекесі бойынша жеңіске жетті. Жерлесіміз Гонконгтан келген Ло Чиченядан (күміс жүлде) және Малазия өкілі Фадхил Мухаммад Мохд Зонистен (қола жүлде) басым түсті. Айта кетейік, басты финал ойынына алты велошабандоз қатысқан еді.

Спортшыларымызды жеңісімен құттықтай отырып, жаңа жетістіктер тілейміз!

Бөлісу: