«Барлығы допинг туралы » тақырыбындағы дәріс

07.08.2019

Ағымдағы жылдың 6 тамызында «Сарыарқа» республикалық велотрегінде «Барлығы допинг туралы» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрістің мақсаты спортшыларды допинг ұғымымен таныстыру, оның пайдасы мен зияны және тыйым салынған заттарды пайдаланудың салдары жөнінде мағлұмат беру болды.

Дәріскер ретінде сөз сөйлеген медицина бөлімінің басшысы Данияр Қуанышов допингтің түрлері мен қолданылуы және оның спорт тарихындағы орны жөнінде ақпарат беріп өтті.

Дәріске директордың спорт жұмысы жөніндегі орынбасары Назар Джумабеков, велотректегі спринт бойынша ҚР ұлттық құрамасының бапкері Валентин Савицкий және велосипед спортынан нұсқаушы Бауыржан Өтегенов қатысты.

Бөлісу: