Маунтинбайкерлер Түркияда жүлделі орындарға ие болды

14.10.2020

2-10 қазан аралығында маунтинбайктан ұлттық құрама Түркияда оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Құрама қатарында велосипед спортынан ОДО спортшылары да бар.

Олар бірқатар жарыстарға қатысып, жүлделі орындарды қанжығалады. Айта кетер болсақ, 2 қазан күні Денис Сергиенко көпкүндік сайыста үшінші орын алса, келесі күнгі 2-санатты сайыста күміс жүлдегер атанды. Сондай-ақ, Егор Карасев та жақсы көрсеткіштер көрсетті. Ол көпкүндік сайыс қорытындысы бойынша үздік үштікті қорытындылап, С2 санатты сайыста төртінші болып мәре сызығын кесті.

Айта кетейік, біздің спортшылар Түркия елінде өтетін марафон бойынша әлем чемпионатына дайындық үстінде.

Бөлісу: