«Сарыарқа» велотрегінде мемлекеттік қызметкерлер арасындағы турнир өтті

18.06.2022

18 маусым күні   «Сарыарқа» велотрегінде 23 маусым – мемлекеттік қызметкерлер күніне арналған мемлекеттік қызметкерлер арасындағы турнир өтті. Турнирге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және бағынысты мекемелер құрама командалары қатысты.

Жарыс спорттың 8 спорт түрі бойынша өтті:

  • Шағын футбол
  • Волейбол
  • Тоғызқұмалақ
  • Үстел теннисі
  • Жүзу
  • Арқан тарту
  • Асық ату
  • Шахмат
Іс-шараның басты мақсаты мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі»  Жолдауын  іске  асыру және бұқаралық спортты дамыту және танымал ету.

1-3 орындарды  жеңіп  алған  командалар Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің кубоктары мен дипломдарымен марапталды.

Бөлісу: