«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Ұлт көшбасшысы сынамасын халықаралық тәжірибені зерттеу арқылы жетілдіру және халық арасында насихаттау» баспасөз конференциясы

10.12.2014

2014 жылғы 10 желтоқсанда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде  баспасөз конференциясы өтті, онда  «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Ұлт көшбасшысы сынамасын халықаралық тәжірибені зерттеу арқылы жетілдіру және халық арасында насихаттау»  тақырыбы талқыланды. Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитетінің төрағасы Е. Қанағатов және М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті физтәрбиелеу кафедрасының ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі,  ВФСК ГТО мәселелері жөніндегі сарапшылық кеңес төрағасы В.Уваров қатысты.

Баспасөз конференциясы барысында халық арасында дене даярлығын дәріптеу және мониторингі үшін Президенттің сынамалар бойынша кеңестер мен ұсыныстар алынды.

Халықаралық конференция 10-12 желтоқсанда «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтетінін еске саламыз. Басталуы:  10 желтоқсанда сағ.14:00-де

Бөлісу: