Жаңалықтар
Тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының Спартакиадасы
05.08.2019
«Сарыарқа» велотрегінде тректегі велоспорттан Қазақстан Спартакиадасы өтіп жатыр.
- 4 тамыз күні Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Кейіннен жекелей сында із кесушілер додасы басталды.
- 5 тамыз күні «скретчтен» топтық жарыс және командалық із кесу жарысы өтті.
- 6 тамызда «спринттен» және командалық із кесу жарыстары өтеді.
- 7 тамыз күні «кейрин» мен топтық сындағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі белгілі болады.
- 8 тамызға, яғни соңғы жарыс күніне топтық бәсеке жоспарланған.
Баршаңызды спортшыларды қолдауға шақырамыз!