Академиялық есуден Азия Кубогының алтынына қазақстандықтар ие болды

23.04.2024

Оңтүстік Кореяның Чхунджу қаласында ағымдағы жылдың 16-22 сәуір аралығында академиялық есуден Азия Кубогының I кезеңі өтті.

Аталған сайыста "Астана" олимпиадалық даярлау орталығының 10 спортшысы бақ сынады, олар жоғары нәтиже көрсетіп, Кубоктің алтын медальдарын жеңіп алды:

Алтын медаль (4х):

  • Жакупова Мелани;
  • Шлейн Елизавета.

Алтын медаль (8+):

  • Фомичёв Тимур;
  • Мельников Ярослав;
  • Сексен Арслан;
  • Тойганбаев Малик;
  • Айбеков Арыстан;
  • Қонурбаева Медина.

Біз спортшыларымыздың тамаша нәтижелерімен мақтанамыз!

Бөлісу: