Халықаралық балаларды қорғау күні Орталық өкілдері «Светоч» балалар үйіне барып қайтты

31.05.2017

Әр жылдағы жаз айының бірінші күні аталатын Халықаралық балаларды қорғау күні көптен келе жатқан бүкіл әлемде марапатталатын мереке. Осы 1 Маусым  Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі алдында, мамырдың 31 күні,  Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының өкілдері Ақмола облысы Малотимофеевка селосында орналасқан «Светоч» балалар үйінде болып қайтты.

Астанадан келген қонақтарды балалардың Анасы – балалар үйінің директоры Лилия Вениаминқызы Соловьева жылы қарсы алып, тату тәтті тұратын, қазіргі күні ата-анасынан айрылған 35 баласы бар, жанұя туралы айтып таныстырды.

Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығының өкілдері балаларды мерекесімен құтықтап, жасөспірімдер арасында спорттан әр түрлі эстафеталар өткізіп, кеңсе керек-жарақтары, спорт жабдықтары, велосипедтер, жер айдау құралынан тұратын сыйлықтарын тапсырды.

Балаларды қорғау күні жасөспірімдердің күтетін көңілді мерекесі болуымен қатар қоғамға балалар құқұғын қорғауда, олардың бақытты, сауатты және өз елінің дамыған тамаша азаматтары болып өсуіне қажетті көніл бөлу керектігін еске салады. Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы еліміздің жұмыс берушілерін, азаматтарды көнеден келе жатқан ата-анасыз қалған жетім балаларды қолдау, көмек көрсету дәстүрін әрі қарай белсенді жалғастыруға шақырады.


Бөлісу: