Қазақстан Республикасы Паралимпиада комитетінің отырысы

15.11.2017

15-16 қарашада «Сарыарқа» республикалық велотрегінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Паралимпиада комитетінің отырысы өтуде. Жиында келер жылдың күнтізбелік жоспары, ұлттық құрамалардың құрамы туралы мәселелер талқыланып, жаттықтырушылар да өз спорт саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы есеп беруде.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасының Паралимпиада комитеті 2003 жылы құрылған. Ол еліміздің спорт ұйымдарының үйлестіруші органы болып табылады және халықаралық аренада Қазақстанның мүгедек спортшыларының мүдделерін қорғайды. Паралимпиада комитетінің төрағасы болып Қанағатов Елсияр Баймұхамедұлы сайланды.

Велоспорт орталығының баспасөз қызметі

Бөлісу: