Тректегі велоспорттан Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы аяқталды

08.08.2019

Бүгін, 8 тамыз күні, Нұр-Сұлтан қаласында велоспорттан Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы аяқталды. Жарыстың соңғы күнінде кейрин бәсекесі және топтық жарыстар бойынша медальдар сарапқа салынды.    

Топтық бәсекеде Роман Василенков (Қарағанды ​​облысы) алтын жүлдеге ие болса, Сұлтанмұрат Миралиев (Шымкент) екінші орын иегері атанды. Ал Әлішер Жұмақан үздік үштікті қорытындылады.

Әйелдер арасындағы командалық із кесу жарысында Рината Сұлтанова (Павлодар облысы) үздік атанды. Алматылық Фаина Потапова тұғырдың екінші сатысына көтеріліп, Светлана Пащенко қола жүлденің иегері атанды.

Кеиринде Қазақстан ұлттық құрамасының көшбасшысы Павел Воржевпен тең келер ешкім болмады. Ақмола облысының намысын қорғаған Андрей Чугай екінші орынға жайғасса, Александр Сафаров аталған құраманың қоржынын қола медальмен толықтырды.

Топтық жарыста ұпай саны бойынша (120 айналым) Алматы облысының спортшысы Әлішер Жұмақан жеңіске жетті. Роберт Гейнев күміс, ал Роман Василенков қола жүлдені жеңіп алды. Ал әйелдер арасындағы сайыста Рината Сұлтанова (Павлодар облысы) үздік атанса, Жанерке Санақбаева жеңімпаздан төрт ұпай жоғалтып, екінші орынға ие болды. Алина Саркулова (Солтүстік Қазақстан облысы) үздік үштікті қорытындылады.

Естеріңізге сала кетейік, велоспорттан Қазақстан Республикасының V спартакиадасы 3-8 тамыз аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өтті.

Спартакиададан фотосуреттерді келесі сілтеме бойынша қарай аласыз: /kz/news/photogallery/v-letnyaya-spartakiada-rk-po-velosportu-na-treke/

Қайнар көзі: www.cycling.kz

Бөлісу: