ҚР триатлон бойынша қысқы чемпионаты өз мәресіне жетті

26.02.2018

Астанада жабық мекемелердегі триатлон бойынша Қазақстан Республикасының Қысқы Чемпионаты аяқталды. Үшкүндік кезеңнің аяқтамасы- жүгіру кезеңі. Көбісі үшін бұл ортақ есептегі өз орындарын өзгертуге, ал көшбасшылар үшін өз позицияларын сақтап қалуға соңғы мүмкіндік болды.

Elite категориялы әйелдер тобында ешқандай сыйлықтар болмады. Бірінші күннен көшбасшы болған Анастасия Автушко өзінің жүрігуін жақсы аяқтап, нәтижесінде жеңімпаз атанды. Әр дисципланада жоғары нәтиже көрсетіп, алтын медаль ие болды. Екінші орынды Қостанай облысының уәкілі-Яна Мороза иеленді. Үштікті Өскемен қаласының Анастасия Маврина атты спортшысы жапты.

Ерлерде барлығы әйелдерге қарағанда байыптырақ болды, күрес соңғы метрлерге дейін жалғасты. Соңғы кезеңнің көшбасшысы Оңтүстік Қазақстан облысының уәкілі Александр Автушко болды. Бірақ, оның қарсыластар алдында артықшылығы аз болды. Оны Алматы облысының уәкілі Дарын Қонысбаев пен Алматы қаласының уәкілі Антон Витолин өте жақсы білді.Сондықтан, алғашқы метрлерден бастап-ақ бұл дуэт жүгіретін жолда барлығынын қолынан келе бермейтін жылдамдықты көрсетті.Дарын Қонысбаев өз жүгірісін өте лайықты өткізгенін атап айту керек. Бірінші жартысында көшбасшысының артында отырған ол, екінші жартыда ол тағы да жылдамдық қосып, Антон Витолиннен аса берді.

Көшбасшыларға бұл күні лайықты бәсекелес болуға тырысқандардан жалғыз Сабыржа Косак болды. Мәреге ең бірінші келген Дарын Қонысбаевқа күту және Александр Автушконы бірінші орын мен чемпиондық титулдан бөліп тұрған секундтарды санаудан басқа амалы болдмады. Нәтижесінде, Қонысбаев жасаған спринт жиынтық бойынша Александр Автушконы артта қалдырып, жабық алаңдардағы триатлан бойынша өткен Қазақстан Республикасының Қысқы Чемпионатының жеңімпазы болуға мүмкіндік берді.Александр Автушко күміс жүлдегер атанса, үштікті Оңтүстік Қазақстанның уәкілі Семен Пивоваров аяқтады.

«Андерлердің» де құштарлығы қайнап жатты. Сонымен қатар, ешкім эмоциясын сақтап тұра алмады! Қыздарда көшбасшы әр кезең сайын өзгеріп отырды, бірақ үш күнді де жақсы өтіп және өз күшін дұрыс үлестірген Шығыс Қазақстан облысының Гарикова Маргаритасының қолынан келді.Егер ол нашар жүзіп, велосипед пен жүгірудің арқасында қалғанын қысқарта алып, соңғы кезде алдыңғы орынға шықты.Бірінші және екінші орыннын арасын 26 секунд бөліп жатса, екінші орын мен үшінші орыннын арасын тіпті жүздік үлес секундтары бөлді. Және осы жүздік үлес секундтары Аманжолова Аружаннан кішкене ғана жылдамырақ атанған Оңтүстік Қазақстан облысының уәкілі Танкибаева Лияның еншігінде болды.

Жас жігіттер арасындағы басты күрес оңтүстегі Аманжолов Ерасыл мен Зубцовый Даниил арасында болды.Әр кезеңде Ерасыл өзінің қарсыласынан жылдамырақ болғаны, қорытынды мен орындарды үлестіру нәтижелеріне жақсы әсер етті. Зубцов Даниил командасының қатысушысынан 24 секундқа артта қалды. Бұл тартысқа Абусеит Алиханның да қосулуға мүмкіндігі бар еді. Оны екінші орыннан небәрі 9 секунд ұстап қалды.

U15 ең кішкентай категориясының қыздарында да, ұлдарында да күрес соңғы күнге дейін болды. Астабек Нарметов өзінің қарсыластарына жеңуге ешқандай мүмкіндік қалдырмай, оларға бір минуттан астам уақыт «алып келсе», күміс жүлдесі үшін күресте Светличный Никита Яркин Евгениядан 3 ақ секундқа артта қалып қойып, лайықты қола жүлдесін алды. Қыздарда Аманжолова Аружан өз қарсыластарынан үлкен үзікпен бірінші орынға тұрды. Екінші орынға Қалдыханова Бибижан ие болды.

Егер аралық нәтижелерді қорытындыласақ, онда ең бірінші көзге түсетіні- нәтижелердің жоғары тығыздығы. Жоғары тығыздық-бұл бәріне пайдалы болатын жақсы, сау бәсекелестік.Көшбасшылар мен жеңімпаздар үшін бұл қарсыластардың ұйықтамай, күні-түні дайындалып, келесі жарыстарға дайын екендерін көрсететін белгі. Демек, күрес одан да қызығырақ әрі күштірек өтпек.

Elite категориясы үшін келесі жарыс сәуір айында өтеді. Қазақстандың Триатлон Федерация жарыстар аумағын еліміздің картасында кеңейтіп, барлық жанкүйерлерді біздің атлеттерімізді қолдау үшін Тараз қаласына шақырады.

Жабық алаңдардағы триатлон бойынша Қазақстан Респубилкасы бойынша Қысқы Чемпионаттың нәтижелері:

M-Elite категориясы:

1.     Қонысбаев Дарын  51:49 (Алматы обл.)

2.     Автушко Александр 52:21 (Оңтүстік Қазақстан обл.)

3.     Пивоваров Семен 52:30 (Оңтүстік Қазақстан обл.)

F-Elite категориясы:

1.     Автушко Анастасия 1:01:49 (Оңтүстік Қазақстан обл.)

2.     Морозова Яна 1:08:32 (Қостанай обл.)

3.     Маврина Анастасия 1:09:37 (Шығыс Қазақстан обл.)

М-U23 категориясы:

1.     Қонысбаев Дарын 51:49 (Алматы обл.)

2.     Пивоваров Семен 52:30 (Оңтүстік Қазақстан обл.)

3.     Жақсыбаев Ерболат 55:33 (Оңтүстік Қазақстан обл.)

F-U23 категориясы:

1.     Автушко Анастасия 1:01:49 (Оңтүстік Қазақстан обл.)

2.     Морозова Яна 1:08:32 (Қостанай обл.)

3.     Маврина Анастасия 1:09:37 (Шығыс Қазақстан обл.)

M-U17 категориясы:

1.     Аманжолов Ерасыл 21:16 (Оңтүстік Қазақстан обл.)

2.     Зубцов Даниил 21:40 (Оңтүстік Қазақстан обл.)

3.     Абусейт Алихан 21:49  (Оңтүстік Қазақстан обл.)

F-U17 категориясы:

1.     Гарикова Маргарита 26:05 (Шығыс Қазақстан обл.)

2.     Танкибаева Лия 26:31 (Оңтүстік Қазақстан обл.)

3.     Аманжолова Аружан 26:31 (Оңтүстік Қазақстан обл.)

M-U15 категориясы:

1.     Нарметов Астабек 22:38 (Оңтүстік Қазақстан обл.)

2.     Яркин Евгений 23:53 (Оңтүстік Қазақстан обл.)

3.     Светличный Никита 23:56 (Оңтүстік Қазақстан обл.)

F-U15 категориясы:

1.     Аманжолова Аружан 21:16 (Оңтүстік Қазақстан обл.)

2.     Калдыханова Бибіжан 28:49 (Оңтүстік Қазақстан обл.)

Ақпарат көзі: triathlon.org.kz

Бөлісу: