ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ли Светлана Николаевнаны еске алуға арналған халықаралық турнир

14.11.2022

13-18 қараша аралығында Астана қаласының жеңіл атлетика спорт кешенінде Астана қаласында садақ атудың негізін қалаушы ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ли Светлана Николаевнаны еске алуға арналған II Халықаралық турнирі өтуде.

Елорда Астанада Қазақстанның спорт тарихында екінші жыл қатарында халықаралық деңгейдегі ауқымды турнир өтуде. 8 елден 100-ден астам кәсіпқой спортшы қатысады, оның ішінде Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының спортшылары да бар.  Көптеген көрнекті спортшылар – Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем және Азия чемпионаттарының қатысушылары, жүлдегерлері қатысады деп күтілуде.

Ересектермен қатар, 2022 жыл «Балалар жылы» аясында, турнирде балалар мен жасөспірімдер қатысады.

Турнир аясында жеке және командалық біріншілік жаттығуларында 20 медаль жиынтығы ойнатылады.


Бөлісу: