Сарыарқа велотрегі туралы


«Сарыарқа» республикалық велотрегі 2011 жылы тұрғызылған және әлемге көрнекті спорт ғимараттарының бірі ретінде танылған көпфункционалды спорт кешені. Велосипедшінің дулығасына ұқсас бірегей архитектуралық формасы өзіне ерекше назар аудартады.

Спорт кешенін «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (РМҚК) басқарады және оның үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді.

Велотрек Астана қаласында Қабанбай батыр және Тұран даңғылдарының арасында орналасқан спорт кластерінің бөлігі болып табылады. Мінбелерге 9 195 көрермен сыяды. Кешенде велотректен басқа мұз аренасы да қамтылған. Велотректің жалпы ауданы шамамен 45 мың шаршы метрді құрайды, ал мұз аренасы – 4,2 мың шаршы метрді құрайды.

«Сарыарқа» велотрегінің техникалық жабдықталуы мен конструкциясының ерекшеліктері шынымен де ерекше және ең жоғары әлемдік стандарттарға сәйкес келеді. Орнатылған төрешілік, уақытты сақтау жүйелері, ақпараттық табло, фотофиниш камералары және автоматтандырылған мониторинг жүйесі жарыстарды өткізу кезінде қауіпсіздік пен тиімділігікке кепілдік береді. Ал құрылымның тірек конструкцияларының жай-күйіне мониторинг жүргізу келушілер мен персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Велосипед жарыстарына арналған тректің өзін ерекше атап өткен жөн. Оның параметрлері: ұзындығы 250 метр, ені 7 метр, бұрылыстардағы көлбеуі 42 градус, түзу учаскелерде 12,5 градус және сағат тіліне қарсы қозғалыс - оны әлемдегі ең үздіктердің біріне айналдырады. Мұнда ірі халықаралық және республикалық жарыстар өткізіледі, спорттық рекордтар орнатылады, ал спортшылар өз дағдыларын жоғары деңгейде көрсетуге мүмкіндік алады.

Кешеннің көпсалалы болуы да маңызды аспект болып табылады. Ол бокс, дзюдо, гимнастика, баскетбол, волейбол, концерттер және басқа да іс-шаралар сияқты түрлі спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізу үшін тез және тиімді қайта жабдықталуға қабілетті. Бұл әмбебаптық «Сарыарқа» велотрегін бұқаралық спортты дамытуға және кең аудитория үшін түрлі іс-шараларды өткізуге ықпал ете отырып, өңірдегі ең маңызды спорт және мәдениет орталықтарының біріне айналдырады.

Дамыған инфрақұрылымның арқасында спорт кешенінің қызметтері халықаралық деңгейдегі спортшылар үшін де, спорт әуесқойлары үшін де, оның ішінде дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін де қолжетімді.

«Сарыарқа» велотрегі күмбезінің астында:

  • Трек
  • Мұз аренасы
  • Фитнес орталығы
  • Гимнастикалық залдар
  • Бокс залы
  • Таэквондо және жекпе-жек залдары
  • Ойын залдары
  • Шағын футбол алаңдары
  • Қонақ үй кешені
  • Мейрамхана кешені
  • Конференц-залдар
  • Кеңсе бөлмелері
  • Мейрамхана кешені
  • Конференц-залдар
  • Кеңсе бөлмелері орналасқан.

Кешеннің құрамына сондай-ақ: велосипед орталығы, оқу кешені, велосипед жөндеу шеберханасы және т.б. кіреді.

Спорт кешенінде жыл бойы әуесқойлар арасында өте танымал спорт секциялары жұмыс істейді:

  • велоспорт
  • таэквондо
  • мәнерлеп сырғанау
  • каратэ
  • жүзу
  • хоккей
  • тепкісіз велосипед
  • дзюдо

Мұз аренасы

Мұз аренасы мұзда спорттық жарыстарды өткізу үшін халықаралық стандарттар мен нормаларға сәйкес әзірленген. Мұз айдыны шорт-трек бойынша жаттығу процесін жүзеге асыруға да, мәнерлеп сырғанау мен шорт-трек бойынша чемпионаттар мен спорттық жарыстарды өткізуге де жарамды.

Мұз аренасы - әмбебап ғимарат, онда тағы 2 автономды жылыту залы орналасқан және мұз технологиясы саласында заманауи әзірлемелер пайдаланылған. Нысан тиісті техникалық құралдармен, оның ішінде қашықтан басқару және мониторинг жүйесімен, бейнебақылау аппараттарымен жабдықталған.

Жалпы ауданы 600 шаршы метрден асады және 350 орынды қамтиды.

Фитнес орталық

Елорда тұрғындары арасында «Сарыарқа» велотрегінің фитнес орталығы ұсынатын қызметтер үлкен сұранысқа ие. Бұл фитнес орталықтың табысының құпиясы - клубтың әр мүшесіне деген жеке көңіл бөлу және жоғары кәсіби деңгейде қызмет көрсету.

Фитнес орталықта жаттығу залдары, бассейндер, сондай-ақ саунаның үш түрі бар.

1 344 шаршы метр алаңда орналасқан жаттығу залдары әлемдік өндірушілердің жоғары сапалы спорт жабдықтарымен жабдықталған.

Жаттығу алаңы әртүрлі жабдықтар орналасқан бірнеше аймаққа бөлінген. Кардио аймағында жүгіру жолдары, эллиптикалық жабдықтар, велосипедтер және т.б. жабдықтар ұсынылған. Кардио аймағының жаттығу құрылғылары жүректі жаттықтыруға, денсаулық пен әл-ауқатты жақсартуға, артық салмақтан арылуға, сымбатты және әдемі болуға мүмкіндік береді.

Фитнес нұсқаушылары спорт кандидаттары мен шеберлері болып табылады, жеке және топтық сабақтар өткізеді.

Бассейны фитнес-центра оснащены современной системой по очистке и круглосуточной фильтрации воды. Длина бассейна для взрослых из 6 дорожек достигает 25 м., ширина 17 м., температура воды составляет 26,5-27,5С, глубина 2 м. Для маленьких пловцов имеется детский бассейн длиной 13 м., шириной 6 м., глубиной 1 м., где температура воды составляет 30-31С.

Фитнес орталық бассейндері тәулік бойы суды тазарту және сүзудің заманауи жүйесімен жабдықталған. 6 жолдан тұратын ересектерге арналған бассейннің ұзындығы 25 метрге жетеді, ені 17 метр, судың температурасы 26,5-27,5 С құрайды, тереңдігі 2 метр. Кішкентай жүзушілер үшін ұзындығы 13 м, ені 6 м, тереңдігі 1 м балалар бассейні бар. Мұндағы судың температурасы 30-31С құрайды.

Бассейндерде қажет нәрсенің барлығы бар: киім ауыстыратын шкафтары бар бөлмелер, душ кабиналары, сүлгілер. Сондай-ақ сауналардың бірнеше түрі бар: фин, хамам және дымқыл бу саунасы.

Фитнес орталықта ересектер мен балаларға арналған жеке және топтық жүзу секциялары бар. Сабақтар суда базалық қозғалыстарға, жүзу техникасын жетілдіруге оқытуды көздейді. Жүзуді жаңадан бастаушылар үшін тәжірибелі жүзу нұсқаушылары жасаған жеке бағдарламалар қарастырылған.

Сондай-ақ, бассейнге кіру үшін мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус пен лифті қарастырылған.

Жекпе-жек, таэквондо залдары

Жекпе-жек және таэквондо бойынша жаттығу процестеріне арналған залдар велотректің нөлдік және бірінші қабаттарында сәйкесінше 665 шаршы метр және 465 шаршы метр аумақта орналасқан. Спорт залдарының инфрақұрылымы кәсіби татами, боксшы қаптарымен, қорғаныс дулығаларымен, бокс рингімен, бокс тұлыптарымен және т.б. жабдықталған.

Ойын залы

Ойын залы шағын футбол, баскетбол және волейболдан әуесқойлық турнирлер мен жаттығу процестерін өткізуге арналған. Зал ойыншылардың қауіпсіздігі үшін жұмсақ жақтармен жабдықталған және резеңке жабыны бар. Бұл залда 7 жастан асқан балаларға арналған шағын футбол секциясы жұмыс істейді. Зал ғимараттың нөлдік қабатында орналасқан және оның жалпы ауданы 695 шаршы метрді құрайды, ал ойын бөлігі - 411 шаршы метр.

Гимнастика залы

Залдың жалпы ауданы 721 шаршы метрден асады, жаттығу залы – 410,4 шаршы метр. Гимнастика залы барлық қажетті құралдармен жабдықталған: қырлы бөренелер, төсеніштер, көпірлер және т.б., сондай-ақ «қону аймақтары» деп аталатын арнайы жабын орнатылған.

Көше футбол алаңдары

Қала тұрғындарының белсенді уақыт өткізуі үшін велотрек аумағында екі көше шағын футбол алаңы орналасқан. Бір алаңның жалпы көлемі 20х40 метр, ойын бөлігінің ауданы 16х36 метр. Футбол алаңдары жасанды жабынмен, футбол қақпасымен жабдықталған және бұл алаңдар жылдың жылы мезгілдерінде (сәуір – қазан) жұмыс істейді.

Конференц-зал

Сыйымдылығы 204 орындық 297 шаршы метр алаңда орналасқан велотректің конференц-залы ресми баспасөз конференцияларын, брифингтер мен жиналыстар өткізуге арналған. Мұндай іс-шараларды өткізу үшін конференц-залда барлық қажетті техникалық жабдықтар қамтылған.

Қонақ үй

Сондай-ақ, спорт кешенінде 50 бөлмелі (нөмірлі) және 100-ден астам қонақты қабылдау мүмкіндігі бар қонақ үйі орналасқан. Оның ауданы 2 446,4 шаршы метрді құрайды. Қонақ үй спортшыларға, жаттықтырушылар штабына, ресми делегацияларға, сондай-ақ спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысушыларға арналған.

Мейрамхана кешені

Елорда тұрғындары мен қонақтары велотрек мейрамханасында түскі ас іше алады. Мейрамхана кәсіби жабдықтармен жабдықталған және қонақтар мен қызметкерлерге кешенді түскі ас, фуршет ұсынады. Спортшылар үшін мейрамханада арнайы мәзір әзірленген.