Спорт секциялары

Тхэквондо

Тхэквондо денсаулықты нығайтып, мінез-құлыққа жағымды әсер етеді. Тірек-қимыл жүйесі ауруларының алдын алып, ұстамдылық пен сабырлыққа шақырады. Жауынгерлік өнердің бұл түрімен ер балалармен қатар қыздар да айналыса алады. Осы арқылы бойдағы сенімдікті арттырып, өз-өзін қорғау дағдыларын меңгеру әбден ықтимал. Тхэквондо сабақтарын кәсіби білікті жаттықтырушылар үйретеді. Секцияға балаларды қабылдау 7 жастан бастап жүргізіледі.

Сабақтар ауданы 664,5 ш. м. жекпе-жек залында өткізіледі.

Сіздер үшін киім ауыстыратын бөлмелер, жеке шкафтар және душ бар.

Сабақ құны:

  • Жеке сабақтар: 45 000 теңге (аптасына 3 рет) / 12 сабақ.
  • Топтық сабақтар: 25 000 теңге (аптасына 3 рет) / 12 сабақ.

Кесте:

  • дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 10:30-дан 12:00-ге дейін және 19:00-ден 20:30-ға;
  • сейсенбі, бейсенбі күндері сағат 9:30-дан 11:00-ге дейін, 19:00-ден 20:30-ға дейін;
  • сенбі күні сағат 14:00-ден 15:30-ға дейін.

Анықтама телефондары:  +7 (7172)707 152 (қабылдау);

  • +7 707 324 74 59 Бейсембай Әлішер;
  • +7 771 198 97 22 Қасенова Азалия.


Артқа