Спорт секциялары
Жүзу
«Сарыарқа» фитнес-орталығы сізді жүзу секцияларына шақырады!
Жүзу спорты көңіл-күйді көтеріп, денсаулықты жақсартады. Бассейнде шомылу жас, жыныс талғамайды. Бастысы – қарсы көрсетілім болмауы керек. Ұшаң-теңіз пайдасы бар спорттың бұл түрімен айналысу арқылы бойды сергітіп, күйзелістен арылуға болады. Сонымен қатар, адамның иммунитеті көтеріліп, тыныс алу мен жүрек-қан тамыр жүйесі жақсара түседі. Суда жүзу барысында барлық бұлшық ет қимылдағандықтан, дененің сымбаттылығы артып, қимыл-қозғалыс қызметі жақсарады, буындар бекіп, омыртқа ауруларының алдын алуға септеседі. Зат алмасу қарқыны 50-75%-ға реттеледі.
«Сарыарқа» фитнес орталығының кәсіби жаттықтырушылары балалар мен ересектер үшін жеке және топтық сабақтар өткізеді. Ұл-қыздарды секцияға қабылдау 7 жастан бастап жүргізіледі.
Суда жүзуді үйрету сабақтары 2 бассейнде өтеді:
- бассейн 25м х 17м, тереңдігі - 2 метр, 6 жолақ, су температурасы - 27С;
- бассейн 13м х 6м, тереңдігі - 1 метр, температурасы - 30-31с (балалар үшін).
Біздің фитнес-орталығымызда келушілер үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Яғни, шкафтар, киім ауыстыратын және душ бөлмелері бар.
Сабақтың бағасы:
Жеке сабақтар:
- 1 сабақ - 5 500 теңге;
- 5 сабақ - 25 000 теңге;
- 10 сабақ - 40 000 теңге.
- Ересектерге арналған топтық сабақтар: 25 000 теңге (аптасына 3 рет) / 12 сабақ.
- Балаларға арналған топтық сабақтар: 18 000 теңге (аптасына 3 рет) / 12 сабақ.
Анықтама телефондары: +7 (7172) 707 179 (қабылдау бөлімі);
+7 702 250 58 59 Нұрғалиев Айдар;
+7 778 580 62 08 Нұржақсынов Еркебұлан;
+7 705 659 99 69 Исмағұлов Сұлтанбек.