Спорт секциялары

Мәнерлеп сырғанау

Мәнерлеп сырғанауды ең әсерлі спорт түріне жатқызады. Аталған спорт түрі бұлшық еттерді созып, жаттықтырады, шымырлыққа шыңдап, суыққа төзімділікті арттырады. Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, мұз үстінде сырғанайтын балалар сирек ауырады екен.

Мәнерлеп сырғанауды үйрету сабақтарын осы спорт түрінің кәсіби нұсқаушылары жүргізеді. Коньки жалға берілмейді, сол үшін өзіңізбен бірге алып келуіңіз керек. Бас киім киіп келу - шарт. Үстіңізде міндетті түрде жылы спорт киімі, қолғап болғаны жөн және ішетін суыңыз өзіңізбен бірге болғаны абзал.

Сізге ыңғайлы болу үшін киім ауыстыратын бөлмелер, жеке шкафтар және душ бөлмелері бар.

Кесте:

Дүйсенбі, сәрсенбі:

  • Мұз: сағат 18:45-тен 19:45-ке дейін;
  • Жалпы дене дайындығы: сағат 20:00-ден 21:00-ге дейін.

Жұма:

  • Мұз: сағат 18:15-тен 19:15-ке дейін.

Сенбі, жексенбі:

  • Жалпы дене дайындығы: сағат 12:00-ден 13:00-ге дейін;
  • Мұз: сағат 13:15-тен 14:15-ке дейін.

Анықтама телефоны:

+7 778 555 72 86 Ильясов Дидар.