Спорт секциялары
Беговел
Тепе-теңдік велосипедінің пайдалы жақтарын бірі білсе, енді бірі біле бермейді. Бұл құрал ерте жастан баланың тірек-қимыл жүйесін дамытып, аяқтың бұлшық еттерін бекітеді, тепе-теңдікті сақтауды үйренетіні де сөзсіз. Ақыл-ойға тигізер пайдасы ұшаң-теңіз, моторика дамиды.
Біздің кәсіби, бірнеше жылдық тәжірибесі бар жаттықтырушыларымыз велосипедті емін-еркін тебуді үйретіп, баланың бойындағы сенімділікті арттырады. Секцияға қабылдау 2 жастан бастап жүргізіледі. 2 жастан 5 жасқа дейінгі балалар үшін тепе-теңдік велосипедтерінде топтық жаттығулар өткізіледі. 4 жастан асқан балалар үшін (сақтандырусыз екі доңғалақты велосипедпен жүретіндерге) топтық велоспорт жаттығулары жүргізіледі. Велосипед тебе алмайтындар үшін жеке жаттығулар қарастырылған.
Сізге ыңғайлы болу үшін киім ауыстыратын бөлмелер, жеке шкафтар және душ бөлмелері бар.
Сабақ құны:
- Алғашқы сабақ – 3 500 теңге;
- Жеке жаттығу – 8 000 теңге;
- Тепе-теңдік велосипеді мен велосипедті жалға алу - 700 теңге / 1 сабақ;
- Дулығаны жалға алу – 300 теңге / 1 сабақ;
Бір айлық абонементтер:
- Аптасына 3 рет 12 сабақтан – 28 000 теңге, өз велосипеді және дулығасымен;
- Аптасына 2 рет 8 сабақтан – 24000 теңге
Жаттығу кестелері:
- Дүйсенбі, сәрсенбі, жұма күндері сағат 18:00, 19.00-де.
Анықтама телефоны: +7 777 519 54 20.