Велошабандоздың дулығасына ұқсас республикалық велотрек – әлемдегі ең үздік спорт кешендерінің бірі болып танылды. Жалпы алаңы 44 957 шаршы метр велотректе – мұз айдыны, трек, қонақ үй, мейрамхана, фитнес орталығы, кеңсе бөлмелері, конференц-зал, бокс залы, гимнастика залы, ойын залы және шағын футбол алаңдары бар.
«Qazaqstan» жеңілатлетикалық спорт кешені – халықаралық деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндігі бар көпфункционалды спорт ғимараты. Аталған спорт кешенінде кәсіби спортшылардың күнделікті жаттығу жұмыстарын жүргізулеріне қажетті жағдай жасалған.
Мұз айдыны – халықаралық стандарттарға және нормаларға сәйкес орындалған және спорт жарыстарын өткізу үшін әзірленген. Бүгінде ол қажетті қосымша ғимараттармен жабдықталған. Тек жаттығуларда қолданылып қана қоймай, жаппай пайдаланылуға беріледі. 2 жаттығу залы бар. Бапкерлер спортшылармен бірге шорт-трек пен мәнерлеп сырғанаудан жаттығу жүргізеді.
Фитнес орталығы – біз клиенттерімізге ең озық әрі бірегей, фитнес төңірегіндегі заманауи қызметтерді ұсынамыз. Аталмыш орталықта жаттығу залы, сауна және балалар мен ересектерге арналған екі бассейн бар. Жаттығу залы спорттық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Фин, хамам және дымқыл бу саунасы келушілердің көңілінен шығады.
Қонақ үй - екінші және үшінші қабатта орналасқан. Оған спортшылар мен жаттықтырушылардан бөлек, ресми делегация өкілдіктері, спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шаралардың қатысушылары жайғаса алады. Ыңғайлы әрі заманауи 50 нөмірде меймандарымызға қолайлы жағдай жасалған. Екі, үш орынды бөлмелері бар қонақ үй 108 мейманды қабылдайды. Бөлме - теледидар, мұздатқыш, желдеткіш, вай-фай интернет желісімен қамтылған.
Велотректе велоспорт, таэквондо, мәнерлеп сырғанау, мини-футбол, жүзу, функционалды жаттығулар бойынша спорттық секциялар өткізіледі. Секцияда әр түрлі жастағы балалар мен ересектер үшін жеке бағдарламалар қарастырылған. Барша азаматтардың бос уақытын тиімді әрі пайдалы өткізуіне мүмкіндігі баршылық. Аталмыш спорт түрлері сіздің денсаулығыңызды нығайтып қана қоймай, сергек жүруіңізге, өзіңізді жақсы сезінуіңізге септеседі.
Толығырақ