ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВЕЛОШАБАНДОЗДАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ.

27.03.2026

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ВЕЛОШАБАНДОЗДАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДА АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ.

Филиппиннің Тагайтай қаласында өтіп жатқан жастар мен юниорлар арасындағы велотректан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар жақсы нәтиже көрсетуде.

Юниор қыздар арасындағы «мэдисон» жарысында «Астана» олимпиадалық даярлау орталығының спортшылары:
Аружан Кабдулова
Анель Ташбай чемпион атанды.

Олар жоғары физикалық дайындық пен мықты командалық үйлесімділіктің арқасында қарсыластарынан озып, ел намысын абыроймен қорғады.

Айта кетейік, Азия чемпионаты 31 наурызға дейін жалғасады.

Бөлісу: