Орталық басшылығы туралы

Могилевский Андрей Витальевич

«Астана» Олимпиадалық даярлау орталығының директоры

Андрей Могилевский 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келген. Алғашқы жоғары білімді 2011 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде маркетинг мамандығы бойынша алған. Екінші жоғары білімді 2013 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде құқықтану мамандығы бойынша алған. 2015 жылы Қазақстан инженерлік-педагогикалық халықтар достығы университетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша бітірген.

Спорттық жетістіктері: стенд атудан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, стенд атудан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшесі болып табылады. 2014 жылы Кореяның Инчхон қаласында XVII жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері, 2012 жылы Ресейдің Казань қаласында студенттер арасында командалық есепте әлем чемпионатының қола жүлдегері. Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен Азия чемпионатында Олимпиада квотасын жеңіп алды. 2019 жылы командалық есепте Азия чемпионатының жеңімпазы, 2021 жылы командалық есепте Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен әлем кубогының қола жүлдегері.

Еңбек жолын 2007 жылы Нұр-Сұлтан қаласында штаттық ұлттық командалар дирекциясында стенд атудан спортшы-нұсқаушы болып бастаған.

2014 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы № 9 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде және Нұр-Сұлтан қаласының Олимпиадалық даярлау орталығында стенд ату спортынан жаттықтырушы қызметін атқарған.

2015-2019 жылдары «Астан» Президенттік атқыштар клубы» ЖМ бас менеджері қызметін атқарды.

2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің стенд атудан спортшы-нұсқаушысы қызметін атқарған.

2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Дене шынықтыру және спорт комитетінің «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры қызметіне тағайындалды.