Орталық басшылығы туралы
Могилевский Андрей Витальевич
"Астана" Олимпиадалық даярлау орталығының директоры
Андрей Витальевич Могилевский 1989 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында дүниеге келген. Алғашқы жоғары білімін 2011 жылы М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде маркетинг мамандығы бойынша тәмамдаған. Екінші жоғары оқу орнын 2013 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде құқықтану мамандығы бойынша аяқтаған. 2015 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық Халықтар достығы университетін дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша тәмамдаған.
Спорттық жетістіктері: стенд атудан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, стенд атудан Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшесі болып табылады. 2014 жылы Кореяның Инчхон қаласында XVII жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері, 2012 жылы Ресейдің Казань қаласында студенттер арасында командалық есепте әлем чемпионатының қола жүлдегері. Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен Азия чемпионатында Олимпиада квотасын жеңіп алды. 2019 жылы командалық есепте Азия чемпионатының жеңімпазы, 2021 жылы командалық есепте Үндістанның Нью-Дели қаласында өткен әлем кубогінің қола жүлдегері.
Еңбек жолы
-
2007 жылы Астана қаласында штаттық ұлттық командалар дирекциясында стенд атудан спортшы-нұсқаушы болып бастаған.
-
2014 жылдан бастап Астана қаласындағы № 9 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде және Астана қаласының Олимпиадалық даярлау орталығында стенд атудан жаттықтырушы қызметін атқарған.
-
2015-2019 жылдары «Астана» Президенттік атқыштар клубы» ЖМ бас менеджері.
-
2018 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің стенд атудан спортшы-нұсқаушысы.
-
2021 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директоры қызметіне тағайындалды.