"Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы" РМҚК 2020 жылдың 1 жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы есеп
«Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК (бұдан әрі- Кәсіпорын) 2019 жылғы 22 қаңтардағы №23 бұйрығымен 2019-2020 жылдаға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспары (бұдан әрі- жоспар) бекітілді және кәсіпорынның интернет-ресурсында жарияланды.
Кәсіпорында лауазымды тұлғалардың заңсыз іс - әрекеттеріне қарсы азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қарастыру үшін жәшік орналастырылған, ол комиссия мүшелерімен тұрақты негізде ашылады және комиссия отырысының хаттамасымен ресімделеді. 2019 жылдыдың 1 тоқсанында лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері бойынша өтініштер түскен жоқ.
Кадр бөлімінің қызметкерлері жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды дайындау кезінде басқарушы функцияларды орындаумен байланысты лауазымға үміткер тұлғалардың жұмысқа орналасуы кезінде сыбайлас жемқорлық жасағандығы немесе ондай мәліметтердің болмау туралы анықтаманы ұсынуына бақылауды жүзеге асырады, сонымен қатар бірінші рет жұмысқа қабылданған қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық бойынша соттылығы, біліктілік талаптарына сәйкес келуіне мониторинг жүргізеді.
Сонымен қатар, кадр бөлімімен «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалар өтініштерін мерзімдеріне сай қарау және бақылау бойынша мониторинг тұрақты түрде (тоқсан сайын) жүзеге асырылады.
Кәсіпорында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту мақсатында 2020 жылғы 2 наурызда Кәсіпорын директорының орынбасарлары мен құрылымдық бөлім басшыларының қатысуымен «Мемлекеттік сатып алудағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
2020 жылдың 25 ақпанында Кәсіпорын қызметкерлері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру комитеті ұйымдастырған «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбындағы семинарға қатысты.
Сондай-ақ, 2020 жылдың 21 мамырында директор және оның орынбасарлары, бас есепші және мемлекеттік сатып алу бөлімінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы департамент өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелер бойынша онлайн-семинарға қатысты.
Жоспардың 6-тармағын орындау мақсатында, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық-бұқаралық ақпарат құралдарында, атап айтқанда egemen.kz, naryk.kz ақпараттық порталында және «Қазақ спорты» газетінде мақалалар жарияланды.
Кәсіпорынның интернет-ресурсында «сатып алу» бөлімінде 2020 жылға арналған Кәсіпорынның тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу жоспары орналастырылды, сондай-ақ, Кәсіпорын жүзеге асыратын барлық мемлекеттік сатып алуға рұқсат беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу веб-порталына сілтеме бар.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында Кәсіпорында көрінетін жерде орналасқан и тұрақты түрде жаңартылып отыратын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбына арналған бұрыш бар сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптар туралы бейнеролик көшедегі медиа қасбетінде көрсетіледі.