Орталық басшылығы туралы
Бектенова Айгуль Бақытжановна
"Астана" Олимпиадалық даярлау орталығы" РМҚК директорының орынбасары
Бектенова Айгуль Бақытжановна 1986 жылы 11 желтоқсанда Алматы облысы Кербұлақ ауданы Алтын-Емел ауылында дүниеге келген.
Білімі:
- 2008 жыл - Қазақ спорт және туризм академиясы, «Дене шынықтыру оқытушысы, ату спортының жаттықтырушысы»;
- 2010 жыл - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, «Қаржы бакалавры»;
- 2019 жыл - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Педагогика ғылымдарының магистрі».
Еңбек жолы:
- 01.11.2007 - 22.08.2008 жж. - №7 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің биатлоннан оқытушы-жаттықтырушысы, Алматы қаласы;
- 08.09.2008 - 05.01.2009 жж. - «Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві» РМҚК қысқы олимпиадалық және олимпиадалық емес спорт түрлері бөлімінің нұсқаушысы, Астана қаласы;
- 05.01.2009 - 01.09.2010 жж. - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті олимпиадалық спорт түрлері басқармасының сарапшысы, Астана қаласы;
- 01.09.2010 - 13.01.2011 жж. - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті Жоғары жетістіктер спорта басқармасының сарапшысы, Астана қаласы;
- 13.01.2011 - 01.04.2012 жж. - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитеті Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві басқармасының бас сарапшысы, Астана қаласы;
- 01.04.2012 - 01.06.2013 жж. - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті Қысқы спорт түрлері басқармасының бастығы, Астана қаласы;
- 01.06.2013 - 20.10.2014 жж. - Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі Жоғары жетістіктер спорты және спорт резерві департаменті Қысқы спорт түрлері басқармасының басшысы, Астана қаласы;
- 20.10.2014 - 30.03.2015 жж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қысқы спорт түрлері басқармасының басшысы, Астана қаласы;
- 30.03.2015-09.11.2021 жж. - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Жазғы спорт түрлері басқармасының басшысы, Астана қаласы;
- 10.11.2021-18.12.2023 жж. - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары, Нұр-Сұлтан қаласы;
- 19.12.2023-01.07.2024 жж. - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары, Астана қаласы;
- 2024 жылдың 1 шілде «Астана» олимпиадалық даярлау орталығы РМҚК директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары:
- 05.12.2016 ж. «Ерен еңбегі үшін» медалі;
- 02.12.2021 ж. «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалі;
- 16.10.2023 ж. «Құрмет» Ордені.