Орталық басшылығы туралы

Жақсыбеков Аслан Жармұханбетович

"Астана" Олимпиадалық даярлау орталығы" РМҚК директордың орынбасары.

Аслан Жармуханбетұлы Жақсыбеков 1983 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

2001 жылы Астана қаласы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған спорт мектебін бітірген.

2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.

Спорттық жетістіктері: 

Еркін күрестен Қазақстан Республикасының спорт шебері.

Халықаралық жарыстардың жүлдегері және республикалық жарыстардың жеңімпазы.

2007 жылы Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы категориясы берілді.

Еңбек қызметі:

2003-2006 жылдары - Астана қаласы № 1 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы.

2006-2009 жылдары – «Астана Батыры» жекпе-жек күрес клубы» МКҚК жаттықтырушысы.

2007-2011 жылдары - Астана қаласы Қ. Мұңайтпасов атындағы спортта дарынды балаларға арналған спорт мектебінің жаттықтырушысы.

2013-2015 жылдары - Астана қаласы «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК әдіскері.

2015-2021 жылдары – «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы.

2021 жылғы қазан айынан бастап «Астана» Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК директорының орынбасары.